Қазақстанда шәй өндіру көрсеткіші бір жыл ішінде 10%-ға төмендеді

0
3 043

Шай бағасының қымбаттауы бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр.


Қазақстанда шәй өндіру көрсеткіші бір жыл ішінде 10%-ға төмендеді

ERNUR.KZ. Елімізде шай бағасы жыл ішіне 6%-ға қымбаттағанымен, ішкі нарықта шайдың сатылымы 1,5 %-ға артып отыр, деп жазады Елорда Инфо.

Қазақстанда қайта өңделген шай мен кофе өндірісі көрсеткіші төмендеп келеді. Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 11,5 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,4%-ға төмен.

7 айда импортталған кофе мен шай 25 мың тоннаға тең. Өзіндік өндіріс сұраныстың 26,3% ғана қанағаттандырды. Ішкі нарықта шай мен кофенің сатылымы 93,7%, немесе 31,8 мың тонна. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,5% жоғары.

Сатылым көрсеткішінің артуы бағаның қымбаттауымен қатар келді. Биылғы жылдың қыркүйек айында қара шайдың бағасы 5,8% қымбаттап, келісі 3054,8 теңгеге жетті. Шай бағасының қымбаттауы бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр. Онда шай бағасы 3390 теңге, ал Қостанайда 3282 теңге болды.

Қазақстанға негізінен шай Кениядан (9 мың тонна), Үндістаннан (7,1 мың тонна) және Ресейден (2,4 мың тонна) жеткізіледі.