Қазақстанда шаштараз қызметі қымбаттап кетті

0
1 580

Шаш үлгісінің қымбаттылығы жөнінен Алматы қаласы бірінші орында тұр.


Қазақстанда шаштараз қызметі қымбаттап кетті

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. 4 мамырдан бастап Алматы және басқа да қалаларда шаштараздар ашыла бастады. Карантиннен кейін шаш қию бағасы қалай өзгеретінін осы айдың соңына қарай білетін боламыз. Алайда осы жылы бағалар өсімі байқалады деп жазады kaz.nur.kz.

2020 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша әйелдердің шаш қиюының орташа бағасы 1 862 теңгені құрады. Порталдың деректеріне сәйкес, бұл Қазақстандағы орташа көрсеткіш болып табылады.

Зерттеу үшін наурыз айының деректерін алуымыздың себебі – сәуір айында елдегі қалалардың көбінде шаштараздар жұмыс істемеді, ал мамыр айында әлі де елеулі өзгерістер болуы әбден мүмкін.

Ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда әйелдердің шаш қию бағасы 0,45%-ға өскен, ал 2019 жылдың наурызымен салыстырсақ, өсім 4,8%-ды құрайды.

Алматыда әйелдердің модельді үлгіде шаш қиюдың 2020 жылдың наурыз айындағы орташа бағасы – 4 674 теңге. Жыл ішінде бағасы 6,6%-ға өскен.

Шаш үлгісінің қымбаттылығы жөнінен екінші орында – Нұр-Сұлтан. Елордалықтар шаш қию үшін орташа есеппен алғанда 3962 теңге төлейді. Жылдық баға 1,3% немесе 52 теңгеге өсті.