Қазақстанда шұжық қымбаттады

0
507

Қазақстан аймақтарында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көтеріліп жатыр.


Қазақстанда шұжық қымбаттады

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір жылда қайнатылған шұжық 23,6%, ал жартылай сүрленген шұжық 22,2% қымбаттады. 2022 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша ет өнімдерінің бағасы бір жылда 16,6% өсті, деп жазады zakon.kz.

Ет пен құс еті жылына 15,4%, шұжық өнімдері 22,2%, ет өнімдері 15,9% өсті. Ет өнімдерінің ішінде:

  • құс еті 29,4%,
  • жылқы еті 16,7%,
  • қой еті 12,9%,
  • сиыр еті 10,1%
  • шошқа еті 14,3% қымбаттады.

Бағаның өсуін көбіне Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді. Мұнда баға жылына 22,6% өскен. Екінші және үшінші қатарда Павлодар (21,7%) және Солтүстік Қазақстан (+21,5%) облыстары тұр. Ең аз жылдық баға өсімі Ұлытау облысында байқалды: +9,7%. Бұл туралы Еnergyprom.kz жазды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттай бастайтынын хабарлады.

Қазақстан аймақтарында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы көтеріліп жатыр. Күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа, ұн қымбаттап жатыр.