Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болады

0
789

Қазан айында қазақстандықтар тағы бір мерекені атап өтеді.


Қазақстанда тағы бір жаңа мереке пайда болады

ERNUR.KZ. Қазақстанның мерекелік күндер тізбесі Кітапханашы күнімен толығады. Мәдениет және спорт министрлігі үкімет қаулысының жобасын әзірледі, деп жазады sputnik.kz.

Мәдениет министрлігі 22 қазанда Кітапханашы күнін атап өтуді ұсынып отыр.
Жоба мақсаты – кітапханашы мамандығының имиджін көтеру және оны кәсіби аренада ынталандыру.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 18 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін жарияланған.