Қазақстанда телефондағы бар құпияны көшіріп алуға болатын вирус пайда болды

0
8 737

Lookout командасының мамандары шпиондық қауіпсіздік бағдарламасы Android Және iOS смартфондарында SMS–хабарламалар арқылы таратылады деп отыр.


Қазақстанда телефондағы бар құпияны көшіріп алуға болатын вирус пайда болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда телефон құпиясын көшіріп алуға болатын вирус таралып кетуге шақ қалған, деп жазады exk.kz.

Lookout командасының мамандары шпиондық қауіпсіздік бағдарламасы Android Және iOS смартфондарында SMS–хабарламалар арқылы таратылады деп отыр. Осы қауіпсіздік бағдарламасын әзірлеуші италиялық "RCS Lab"компаниясы екенін де жария етті.
"Hermit" ҚБ нысанның барлық түбір құрылғысын пайдалануға мүмкіндік береді. Мысалы, аудиоматериалдарды жазу, қоңырау соғу және қайта бағыттау, контактілердегі деректерді және құрылғының орналасқан жері туралы ақпарат алу секілді маңызды дүниелер бар.
"Hermit" бағдарламалық жасақтамасы жоғары лауазымды шенеуніктердің, ірі компаниялардың басшыларының, ғалымдардың, танымал құқық қорғаушылар мен журналистердің смартфондарынан мәліметтер алуға бағытталған көрінеді.
Lookout командасы RCS зертханасы Пәкістан, Чили, Моңғолия, Бангладеш, Вьетнам, Мьянма және Түркіменстанның әскери және барлау қызметтерімен ынтымақтастықта жұмыс істеп отыр деген дерек бар.
Сонымен бірге lookout киберқауіпсіздік мамандары өз зерттеулеріне сүйене отырып, "Hermit" қауіпсіздік бағдарламасы Қазақстан, Сирия және Италия аумағында пайдаланылды деп мәлімдеп отыр.