Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі

0
2 366

Жерсерік, цифрлы және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі


Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі

Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазтелерадио» компаниясының сайтына сілтеме жасап.


«2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсерік, цифрлы және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.


Айта кетерлігі «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсерік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыст жүргізеді.


«Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыс сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыс та жүзеге асырылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», делінген хабарламада.