Қазақстанда терроризм өлім жазасына кесілетін қылмыстар қатарынан алынып тасталды

0
532

Осындай норма көзделген заң жобасын мәжілісмендер бірауыздан мақұлдады.


Қазақстанда терроризм өлім жазасына кесілетін қылмыстар қатарынан алынып тасталды

ERNUR.KZ. Қазақстанда қандықол террористерге ауыр жаза тағайындалмайтын болды, деп жазады inbusiness.kz.

Себебі өзімен бірге айналасын да жарып жіберуге дайын тұратын лаңкестердің жымысқы әрекеттері, бұдан былай, өлім жазасына кесілетін қылмыстар қатарынан алынып тасталады.

Олар тек өмір бойына бас бостандығынан айырылу айыбымен шектеледі. Осындай нормалар көзделген заң жобасын мәжілісмендер бүгін бірауыздан мақұлдады.