Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды

0
4 494

Отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынды.


Қазақстанда той өткізуге тыйым салынды

иллюстрациялық фото

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында той-томалақ өткізуге тыйым салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл тыйым туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылған.

«Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынсын», - делінген Президенттің Жарлығында.

Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.