Қазақстанда туристер ағыны 11%-ға өскені анықталды

0
445

Шетелдіктер келетін негізгі қала – Алматы.


Қазақстанда туристер ағыны 11%-ға өскені анықталды

ERNUR.KZ. Арзан рейстерді іздеу сайтының сарапшылары зерттеу жүргізіп, 2023 жылы Қазақстанға туристік ағынның өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қазіргі таңда 11%-ға артқанын анықтады, деп жазады Azattyq Ruhy.

Өткен жылы Орталық Азияның көршілес елдері мен Ресей әуе билеттерін сатып алатын жетекші бағыттар қатарында болса, биыл Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және Грузия елдерінің арасында Қазақстанға сапар бағыттарына сұраныс айтарлықтай артып отыр.

Қазақстанға ең көп бағыт алған елдердің тізімі:

  • Ресей
  • Түркия
  • Тайланд
  • Өзбекстан
  • БАӘ
  • Грузия
«Біз жазға қарай шетелден Қазақстанға саяхатқа сұраныстың айтарлықтай арта бастайтынын көріп отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда сұраныстың өскеніне қуаныштымын. Шетелдіктер келетін негізгі қала – Алматы. Көбінесе, адамдар біздің елге көркем табиғат пен тауда серуендеуге келеді», - деді сайт басшысы Юлия Исакина.

2023 жылы ең танымал бағыттар: Алматы, Астана, Ақтау, Шымкент.

Ішкі туризмге деген қызығушылық та 6 %-ға артқан. Көбінесе қазақстандықтар ел ішінде саяхаттау үшін Алматы (35%) мен Астана қалаларын (30%) таңдайды. Одан кейінгі тізімде Шымкент (8%), Ақтау (5%), Ақтөбе (4%) және Атырау (4%) қалалары бар. 2023 жылы ішкі бағыттарға ең арзан билет құны Астана – Павлодар бағытында 24 доллар болды.