​Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды

0
1 270

Мұндай пікірді Мәжілісте "Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге күрес Конвенциясын ратификациялау" заң жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек білдірді.


​Қазақстанда ұшақта темекі шеккендерге жаза қатаңдайды

ERNUR.KZ. Қазақстанда ұшақ бортында темекі шеккені үшін жаза қатаңдатылмақ, деп жазады Tengrinews.kz.

Мұндай пікірді Мәжілісте "Халықаралық азаматтық авиацияға қатысты заңсыз актілерге күрес Конвенциясын ратификациялау" заң жобасын талқылау кезінде ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек білдірді.

Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар министрден Қазақстанда әуе кемесінің бортында темекі шегуге тыйым салынған деген ережені елемейтін азаматтарға қарсы жазалауды күшейту мәселесі қарастырылған ба деп сұрады.

"Шынымен де, халықаралық тәжірибеде борт ішінде осындай заң бұзушылықтармен күрес шаралары әртүрлі. Біз осыдан 2-3 жыл бұрын ғана авиациялық заң жобасына өзгертулер енгіздік. Осындай азаматтарға жазаны күшейттік - бұл 15 күн қамауда болу не 20 АЕК, Бұл көптеген мемлекеттерде қолданылатын тәжірибе. Әуе компанияларымен белсенді түрде жазаны күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз, мүмкін күшейту жөнінде ұсыныстар тастауымыз мүмкін", - деді Жеңіс Қасымбек сұраққа жауап бере отырып.