Қазақстанда вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған

0
461

Мамандар коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаған.


Қазақстанда вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған

ERNUR.KZ. Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін 44 адам вирус жұқтырған, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы "Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми- практикалық орталығы" филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасында вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 44 адам коронавирус жұқтырған. Біз коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаймыз. Талдау барысында вакцина салдырса да вирус жұқтырғандар анықталды", - дейді Манар Смағұл.