Қазақстанда жалпы ішкі өнім 3,8 пайызға өскен

0
1 227

Биылғы жылдың 1 тоқсанында Қазақстанда жалпы ішкі өнім өсіп, инвестиция көлемі де екі есеге артқан.


Қазақстанда жалпы ішкі өнім 3,8 пайызға өскен

Иллюстрациялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден алынды

Қазақстанда 2019 жылдың 1 тоқсанында жалпы ішкі өнім көлемі 3,8 пайызға өскен - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін Елорда да өткен үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

"Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында жекелеген өңдеу секторлары екі таңбалы өсімге шықты. Инвестициялар мен құрылыс айтарлықтай өсті. Осылайша Қаңтар, наурызда жалпы ішкі өнімнің өсуі 3,8 пайызға дейін нығайды. Қаңтар, ақпанда ол 3,5 пайызды құраған" - деді министрі.

Десе де, инфлияция деңгейі 4,8 пайызға жетіпті. Ал, инвестиция серпіні шамамен екі еселенген. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында инвестиция 7 пайызға дейін өскен.