Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

0
1 048

Мәжіліс экология, геология және табиғи ресурстар министрінің кандидатурасына келісім берді


Қазақстанда жаңа министрлік құрылады

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындауға Мағзұм Мырзағалиевтың кандидатурасына келісім берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша кандидатты премьер-министр кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев таныстырды. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшелері Мырзағалиевке бірқатар сұрақ қойды, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

"Отырыс қорытындысы бойынша "Қазақстан Республикасының парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес, Қазақстан премьер-министрі ұсынған Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтың кандидатурасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымына тағайындау үшін ұсынылды. ", - деп жазылған хабарламада.

Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.