Қазақстанда жас балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін

0
332

Бұл туралы басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлім етті.


Қазақстанда жас балаларға да коронавирусқа қарсы екпе салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Алматыдағы эпидахуалға қатысты брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева балалардың ковидпен сырқаттану жағдайы көп тіркелсе, оларға да екпе салынуы мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Егер мұндай қажеттілік болса және осы санаттағы, яғни, жас балалар арасында сырқаттану жағдайлардың саны көп болса, онда белгілі бір клиникалық сынақтардан кейін мұндай шара бізде де қолданылады", – деп мәлімдеді.

Сондай-ақ ол Алматыда екпе алған балалар арасында өлім жағдайы тіркелмегенін атап өтті.