Қазақстанда жасалған электр автобустар Ақтауда жүре бастады

0
1 566

Отандық көлік қоршаған ортаға қауіпсіз әрі үнемді, іші бейнекамерамен және электронды автохабарлаушымен жабдықталған.


Қазақстанда жасалған электр автобустар Ақтауда жүре бастады

ERNUR.KZ. Елімізде алғаш рет Ақтауда жолақыны кез келген банк картасымен төлеуге болатын электр автобустары жүре бастады, деп жазады 24.kz.

Электронды билет жүйесімен жабдықталған қоғамдық көліктер әуежай мен қала аралығында қатынайды.Жаңа автобустардың басты ерекшелігі электр қуатымен қозғалады.

Қостанайда құрастырылған отандық көліктер қоршаған ортаға қауіпсіз әрі үнемді. Дизель отынымен қозғалатын көліктермен салыстырғанда 4 есе, ал газбен жүретін көліктерге қарағанда 3 есе үнемді. Электр автобустардың іші бейнекамерамен және электронды автохабарлаушымен жабдықталған.

Ұялы телефондар мен өзге де электр құралдарын қуаттау үшін USB тетіктері орналасқан. Әзірге экологиялық таза көліктердің бесеуі сатып алынды. Болашақта қаладағы қоғамдық көліктердің барлығын электробустармен алмастыру жоспарланып отыр.

"Бағасы да халыққа өте тиімді, 350 теңгеден. Егер таксимен келетін болса, 2 мың теңгедей тұрады. Жергілікті халық үшін, әсіресе іссапармен көп жолға шығатын біз сияқты қызметтегі адамдарға өте тиімді деп есептейміз," - дейді қала тұрғыны Боранбай Өтебаев.