Қазақстанда жүктіліктің 9-аптасында ұрықтың ДНК диагностикасы жасала бастайды

0
457

Пренаталды ультрадыбыстық диагностика бойынша елдегі жетекші мамандардан Сараптама тобы құрылды.


Қазақстанда жүктіліктің 9-аптасында ұрықтың ДНК диагностикасы жасала бастайды

ERNUR.KZ. Елімізде жүктіліктің 9-аптасынан бастап ұрықтың ДНК диагностикасын жасау мүмкіндігі енгізілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Бұл зерттеу жүктіліктің ерте кезеңінде ұрықтың хромосомалық ауытқуларын анықтауда ұрық пен әйелдер үшін ең сезімтал және қауіпсіз болып табылады.

Пренаталды ультрадыбыстық диагностика бойынша елдегі жетекші мамандардан Сараптама тобы құрылды.

Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас генетигі, профессор Гүлшара Әбілдинова және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің пренаталды диагностикадан ультрадыбыстық зерттеу бойынша бас маманы, м.ғ.д. Жанар Құрманғали дәрігерлер мен генетиктердің кәсіби даярлығын арттыру бойынша оқыту өткізді. Бүгінгі таңда халықаралық стандарттарға сәйкес пренаталды ультрадыбыстық диагностика бойынша 150 дәрігер сертификатталды.

Аталған диагностиканы өңірлерде қолдану мәселесі пысықталып жатыр. Қазіргі уақытта өңірлерде перинаталды нәтижелерді жақсарту үшін «Ұрықты қорғау орталықтары» ұйымдастырылған.

Өз кезегінде, жүктілік кезінде скрининг зерттеулерін уақтылы жүргізу туабітті патология бойынша қауіп тобын анықтауға және ұрықтың дамуындағы ауытқулардың үлкен спектріне диагностика жасауға мүмкіндік береді.