Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасы 20 сәуірге дейін ұзартылады

0
569

Сондай-ақ шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды.


Қазақстанда жүрген шетелдіктердің визасы 20 сәуірге дейін ұзартылады

ERNUR.KZ. Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттары 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзартылады, деп хабарлайды Хабар24.

«Қазақстанда жүрген шетел азаматтарының назарына! Қазақстанда коронавирус COVID-19 таралуына қарсы әрекет ету жөніндегі шектеу шараларына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстанда жүрген шетелдік азаматтар үшін визалар мен жұмыс рұқсаттарын 2020 жылдың 20 сәуіріне дейін ұзарту, сондай-ақ 57 ел үшін визасыз режим туралы бұрын қолданыста болған ереже бойынша ҚР аумағына келген шетелдік азаматтардың болу мерзімін 30 күнге ұзарту туралы шешім қабылдады» делінген ҚР Сыртқы істер минситрлігінің хабарламасында.

Сондай-ақ онда осы санаттардағы шетел азаматтарына қатысты әкімшілік шаралар қабылданбайды.