Қазақстанда жыл басынан 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

0
465
Өткен жылдың өзінде республикалық органның 18 жетекшісі, облыстық басқармалар мен департаменттердің 95 басшысы, қалалық және аудандық бөлімдердің 101 атқамінері қолын қылмыстық іске былғаған.

Қазақстанда жыл басынан 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды

иллюстрациялық сурет: jasqazaq.kz
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері елімізде 700 мемлекеттік қызметкер парамен ұсталды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ведомства алқасының кеңейтілген отырысында мәлімдед, деп жазады 24.kz.

Оның айтуынша, жоғары қызметтегі азаматтардың қатысуымен жемқорлық фактілері барлық салада орын алған. Өткен жылдың өзінде республикалық органның 18 жетекшісі, облыстық басқармалар мен департаменттердің 95 басшысы, қалалық және аудандық бөлімдердің 101 атқамінері қолын қылмыстық іске былғаған. Олардың ішінде Энергетика вице-министрі, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, Ауыл шаруашылығы министрлігі комитеттерінің төрағалары мен олардың орынбасарлары, ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен түрлі деңгейдегі судьялар бар.

– Бүгінде біз аумақтық департаменттердің жұмысын бағалау тетіктерін қайта қарадық. Дәлірек айтқанда, олардың жемқорлықпен күресудегі нақты нәтижелерін ғана есепке аламыз. Өйткені біз үшін қылмысты әшкерелеп, жемқорлықтан адамдарды сақтау маңызды, - деді ҚР МҚІСҚА төрағасы Алик Шпекбаев.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет