Қазақстанда жыл басынан бері 48 қыз-келіншек зорлық-зомбылықтан көз жұмды

0
675

«Біріккен Ұлттар Ұйымы - Әйелдер» құрылымының ресми статистикасы бойынша күн сайын әлемде 137 әйел гендерлік теңсіздік құрбаны болып отыр.


Қазақстанда жыл басынан бері 48 қыз-келіншек зорлық-зомбылықтан көз жұмды

ERNUR.KZ. Жыл басынан елде 48 қыз-келіншек зорлық-зомбылықтан көз жұмды. 1600-і зардап шегіп, 300-і ауыр жарақаттар алған, деп жазады 24.kz.

«Біріккен Ұлттар Ұйымы - Әйелдер» құрылымының ресми статистикасы бойынша күн сайын әлемде 137 әйел гендерлік теңсіздік құрбаны болып отыр. Осыған байланысты 35 дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйымдар қазақстандықтарды тұрмыстық қылмыстың алдын алуға шақырды.

Бұл мақсатта бүгін елордада «Гендерлік зорлық-зомбылықсыз 16 күн»атты конференция өтті. Оған саясатта, ішкі істер органдарында және кәсіпкерлік саласында қызмет атқарып жүрген нәзікжандылар қатысты. Ләззат Рамазанова, ҚР Парламенті

"Бір топ депутат болып осы жылдың басынан бастап, жаңа заң жобасын үкімет сараптамасына жібердік. Бұл енді отбасы институтын нығайту заң жобасы. Не қажет дейсіздер ғой. Өткен жылы бізді дүрліктірген зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасы қажет емес деп, бірнеше азаматтық қоғам өкілдері шықты. Енді айтып өту керек, оның ішінде 22 мың адам петицияда қарсылық білдірсе, 87 мың адам осындай заң бізге қажет деген петицияға қол қойды", - деп жазады Мәжіліс депутаты.