Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық – сарапшы

0
1 639

Мамандар адам зорлаушыларға қарсы жазаны қатаңдату қоғамға әсер етеді дейді.


Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық – сарапшы

ERNUR.KZ. Францияда адам зорлаушыларға қарсы заң қатаң. Келешекте қазақстандық заңнама да осындай болуы әбден мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі, мемлекет басшысы биылғы жолдауында мұндай зұлымдық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты. Екі мемлекеттің қылмыстық кодекстерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?

Париждегі психолог Светлана Котинаның кеңсесіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар жиі келеді. Статистикаға сүйенсек, Францияда зорлау деректерінің 80%-і отбасылық жағдайда болады екен. Егер әйелді зорлаушы бұған дейін онымен азаматтық қатынаста тұрған болса, оның жазасы тіпті ауырлай түседі. Светлана осы қылмысқа қатысты қазақстандық заңның да қатаңдатылуын қолдайтынын айтады.

- Күш қолдану, зорлау бұл - қылмыс. Ол заң бойынша жазалануы керек. Сондықтан тараптарды татуластыру, олардың келісімге келуі сынды баптарды алып тастау керек деп ойлаймын, - дейді психолог Свтелана Котина.

Егер екі мемлекеттің кодекстерін салыстыратын болсақ, айрмашылықтарды бірден байқауға болады. Мысалы, Қазақстанда зорлаушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Францияда мұндай қылмыс жасаған тұлғаға мерзім үш есе артық кесіледі. Адам өлімімен аяқталатын жағдайға қатысты берілетін жаза мерзімі де өзгеше.

- Мұндай қылмысқа қатысты заң қатаң болуы тиіс. Ол зорлау құрбаны болған адамның қылмысты жасырмауға итермелейтіндей болуы қажет. Францияда үкімнің жартысы осындай іс бойынша шығарылады. Заңды қатаңдату қоғамға әсер етеді, - деді адвокат Стефан Эпине.

Адвокат Стефан Эпине екі мемлекет арасындағы сексуалды қылмыстың жиілігін салыстырып, оның саны шамамен бірдей дегенді айтады.

«Бірақ мұндай қылмысты халық санына қарай бөліп есептесек, Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық» - дейді сарапшы.