Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 470 теңгеден сатылып жатыр

0
734

Бүгінге доллардың ресми бағамы 458,22 теңгеболып белгіленген.


Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 470 теңгеден сатылып жатыр

ERNUR.KZ. Кейінгі күндері доллар бағамы күрт көтерілді, бүгін ақша айырбастау орындарында америкалық валюта бағамы 470 теңгеге дейін көтерілді, - деп жазады Tengrinews.kz.


Бүгінге доллардың ресми бағамы 458,22 теңгеболып белгіленген.

kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында бір долларды 466 теңгеге сатып алуға болады, ал сату 470 теңгеге жеткен. Еуро да қымбаттап барады. Бүгінде жеке ақша алмастырғыштардағы сатылым 505 теңгеге жетеді. Қазақстанда басқа валюталармен бірге рубль де қымбаттап барады. Қазірдің өзінде 6,2 теңгеден сатылып жатыр.


Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларға қатысты жағдай біршама жақсырақ, орташа есеппен сатып алу 469 теңге деңгейінде. Америкалық валютаны арзанырақ – орташа есеппен 464-465 теңгеге сатуға болады.

Бірақ Алматыда еуро қымбатырақ сатылып жатыр, оның бағасы 506 теңгеге дейін көтерілген.