Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар әлі күнге өзін-өзі ақтамаған

0
1 653

Республикадағы арнайы экономикалық аймақтарға 910 миллиард инвестиция тартылған.


Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар әлі күнге өзін-өзі ақтамаған

Елімізде арнайы экономикалық аймақтарды ашуға қазынадан бөлінген қаржыға көлеміне ондағы өндіріс орындарынан түскен салық мөлшері жетпейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл жөнінде күні кеше өткен Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Роман Скляр мәлімдеді.

"Барлық арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымының құрылысына бюджет шығыны 314 миллиард теңге құрады. Бюджетке салық түрінде шамамен 150 миллиард теңге қайтарылды. Бұл ретте тартылған инвестиция көлемі 910 миллиард теңгені құрады",- дейді министр.

Қазірде Қазақстанда 12 арнайы экономикалық аймақ, 23 индустриялды аймақ құрылған және жұмыс істеп тұр. Арнайы экономикалық аймақ бойынша барлығы 183 жоба жүзеге асырылған. Олардың ішінде шетелдік қатысушылармен 46 жоба бар. 15 мың жұмыс орны құрылған.

Жалпы арнайы экономикалық аймақ пен индустриялды аймақтар үшін жеңілдіктердің айырмашылығы бар. Арнайы экономикалық аймақ салымшыларына салық және кеден жеңілдіктерінің ауқымды топтамасы ұсынылады.