Қазақстандағы әуе рейстерінің жиілігі қандай болады

0
712

Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе рейстерін қайта жандандыру туралы.


Қазақстандағы әуе рейстерінің жиілігі қандай болады

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұстанымын ескере отырып, ағымдағы жылдың 4 мамырынан бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Қызылордаға, Өскеменге, Семейге және Петропавлға әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.

Әуе компаниялары рейстерді келесі кестеге сәйкес орындауды жоспарлап отыр:



Ұшулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:

- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;
- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.

Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.
Қазақстан әуе компаниялары күрделі жағдайды ескере отырып, билеттер құнын сатып алу күні мен уақытына байланысты 10 мыңнан 30 мың теңгеге дейінгі аралықта белгіледі.
Алдағы уақытта жағдай жақсарған кезде ішкі рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қарастырылады.
ҚР ДСМ ақпараты бойынша коронавирустық инфекцияға тесттер ақылы негізде осы бағыттар бойынша ұшатын азаматтардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Оларды "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалдарында, "Олимп" КДЗ-да және Қазақстанның тиісті қалаларындағы "INVIVO" зертханаларында өткізуге болады.