​Қазақстандағы ең қауіпті жолдар белгілі болды

0
3 004

ERNUR.KZ. Автокөлік жүргізушілері Қазақстандағы ең қауіпті жолдарды атады. Дүниежүзілік экономикалық форумның сайтына жарияланған жаһандық бәсекеге қабілетті елдердің рейтингіне сәйкес, 2017 жылы Қазақстан жол сапасы бойынша 115-орынға жайғасқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ Today.kz порталына сілтеме жасап.

Фото: am49.ru

Автокөлік электроникасын өндіріп шығарушы Neoline компаниясы өз өнімін тұтынатын адамдар арасында аймақтағы жол сапасын тексеру мақсатында сауалнама жүргізді. Олар республика тұрғындарынан ең апатты жолдарды атап беруді сұраған. Анкетаға 1 200 көлік жүргізушісі қатысқан.

Қатысушылардың 55 пайызға жуығы Алматы – Қапшағай автодаңғылын Қазақстандағы ең қауіпті жолдардың бірі деп таныған. Бұны полиция қызметкерлері де растап: «күн сайын ол жерде ауыр жол апаттары болып, соңында ондаған көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер қаза тауып жатады», —дейді.

Антирейтингтің екінші орынын 23 пайыз дауыспен Балқаш – Қарағанды даңғылы алған. Бұл жолдың жағдайы нашар, тұтынушылар ол жерде ордың көп екенін айтқан.

Қатысушылардың 9 пайызы Шымкент – Түркістан даңғылын қауіпті жолдар қатарына жатқызған. Басқа тұтынушылар Түркістан мен Атырау облыстары арқылы өтетін даңғылдарды қауіпті деп таныды.

Ал Қазақстандағы ең қауіпсіз даңғыл ретінде Көкшетау – Астана жолы аталды. Оған қазақстандықтардың 40 пайызы дауыс берген.