Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

0
503

8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген.


Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

ERNUR.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады, деп жазады tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, 8 айда қазақстандықтарға 1,9 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. Қыркүйек айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,2 миллиард теңгесі базалық зейнетақыға, 169,9 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыға төленген.

"2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша зейнеткерлердің саны 2 миллион 253 мың. Сондай-ақ, зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) 109 224 теңге", - делінген хабарламада.