Қазақстандағы ЖОО арасында «Таза сессия» акциясы басталды

0
1 338

Акция нәтижесі ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйін көрсетіп, оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды.


Қазақстандағы ЖОО арасында «Таза сессия» акциясы басталды

ERNUR.KZ. «Jas Otan» ЖҚ төрағасы, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңес Бюросының мүшесі Дәулет Кәрібек және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов кездесіп, бірлесіп жұмыс атқаруға арналған меморандумға қол қойды, деп жазады Елорда Инфо.

Меморандум аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, еліміздің оқу орындарында сыбайлас жемқорлықты, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға, жатақханалардың жағдайына мониторинг жасауға және «Nur Otan» партиясының «Таза сессия» акциясын өткізуге жол ашады.

«Қыркүйектің соңына дейін «Jas Otan» ЖҚ еліміздің ұлттық және мемлекеттік университеттерінде «Таза сессия» акциясын өткізеді. Мақсатымыз – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа «Нөлдік» төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту, еліміздегі оқу орындарында сыбайлас жемқорлық жағдайын анықтау, оларды болдырмау үшін тетіктерді қарастыру. Акция нәтижесі ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жай-күйін көрсетіп, оқу үрдісінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына себеп болатын негізгі мәселелерді анықтайды», - деді «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Дәулет Кәрібек.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында жасалған бұл меморандум жемқорлықты жоюға, азаматтар және бизнес үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, ауқымды қоғамдық бақылау жүргізу, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған.

Меморандум өзара іс-қимыл, ақпарат алмасу және бірлескен жобаларды, акцияларды, семинарларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыруға бағытталған шараларды қабылдауға мүмкіндік бере отырып, өзара іс-қимылға қуатты серпін беретініне сенім білдірді.