Қазақстандағы жылу электр орталықтарын мемлекеттік аудиторлар тексереді

0
678

Былтыр барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.


Қазақстандағы жылу электр орталықтарын мемлекеттік аудиторлар тексереді

ERNUR.KZ. Биыл жылу электр орталықтарын мемлекеттік аудиторлар тексереді. Бұл туралы президенттің қабылдауында болған Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунова айтты, деп жазады stan.kz.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, жылу энергетика кешені, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Наталья Годунованың сөзінше, былтыр барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.