Қазақстандық ақын Еуропалық ғылым академиясының мүшесі болды

0
926

Ол – осы беделді ұйымдағы еліміздің алғашқы өкілі.


Қазақстандық ақын Еуропалық ғылым академиясының мүшесі болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенова Еуропалық ғылым, өнер және әдебиет академиясының мүшесі болды, деп жазады 24.kz.

Ол – осы беделді ұйымдағы еліміздің алғашқы өкілі. Түрлі кезеңдерде 70-тей Нобель сыйлығының лауреаты Еуропалық академияға мүше болған.

Раушан Бүркітбаева-Нүкенованы әдебиетке қосқан үлесі үшін академиктер қатарына қосты.

Ал өзінің айтуынша, ол дарынды аудармашы Атанас Ванчев де Трасимен бірлесіп шығарған туындыларымен көзге түсті.

"Олар мені қазақ әдебиетінің бір маңызды бөлігі санайды. Бұл еліміздің азаматы ретінде үлкен абырой. Өйткені мен мәдениетіміз бен әдебиетімізді әлемге танытуға тырысып жатырмын" - дейді ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенова