Қазақстандық әнші күйеуінің айуандығын әшкерелеп, желіде шешінді - видео

0
1 303

Күйеуі әншіні жертөледе ұрып-соғып, аузына желім жапсырма жапсырған. Келіншек балаларды айтып, күйеуінің аяушылық сезімін оятуға тырысқан.


Қазақстандық әнші күйеуінің айуандығын әшкерелеп, желіде шешінді - видео

ERNUR.KZ. Көк ала қойдай алматылық әншінің видеосын Dina Tansari деген атпен белгілі #НеМолчиKZ қозғалысының басшысы Дина Смаилова Facebook-тегі парақшасына орналастырып, жазба жариялады, деп жазады Zakon.kz.

Видеода әнші бүгіндері көріп жатқаны күні күн емес екенін баяндайды. Әншінің айтуынша, күйеуі -Бауыржан Ашығалиев оған қол көтергені былай тұрсын, тіпті оны өлтірмекші де болыпты.

Олардың шаңырақ көтергеніне жеті жыл болған, екі кішкентай балалары бар. Күйеуі оны үнемі ұрып-соғатын көрінеді, ал тапқан ақшасын тартып алып, оның басқан әр қадамын аңдиды екен. Ксения полицияға бірнеше рет қоңырау шалып, шағымданған. Бірақ онысынан түк шықпапты.

Ол онымен ажырасқысы келеді, бірақ Дина Смаилованың айтуынша, біздің елде жұпты бірден ажырастырмайды, бірінші сынақ мерзімінен өтуің керек, татуласуларын күтеді, тіпті күйеуі үнемі ұрып-соғатынына қарамастан.

Әрі қарай Дина биыл 28 шілдеде Ксенияның күйеуі бір топ адаммен оны ұрлап, өлтіруге әрекет жасағанын жазады. Оған бір қызға қоңырау шалып, баласына вокалдан сабақ бергісі келетінін айтқан. Сөйтіп кездесуге келіседі. Ештеңеден бейхабар Ксения қызды подъезінің алдынан күтіп алып, үшінші қабатқа көтерілуі керектігін айтады. Сөйтіп ішке бас сұққанда екі жақтан екі адам оған тап беріп, басына қап кигізген. Сөйтіп оны ұрып-соғып жертөлеге қарай сүйреген. Келіншек олардың дауысынан бұл екеуінің бірі күйеуі - Бауыржан Ашығалиев және оның досы Қайсар Иманқұлов екенін таныған.

Одан соң Ксенияны жертөледе ұрып-соғып, аузына желім жапсырма жапсырған. Келіншек балаларды айтып, күйеуінің аяушылық сезімін оятуға тырысады. Олар жертөледен шыққан соң артынан Ксения да сүйретіліп шығып, подъезд алдындағы орындықтан ұстап, көмекке шақыра бастайды. Өтіп бара жатқан адамдар оған көмектескен. Полиция келген. Күйеуі бұл отбасылық жанжал екенін айтқан. Келіншек учаскелік полиция бөлімшесіне барып, арыз жазған. Олар сот-медициналық сараптамадан өтуі керектігі туралы қағаз жазып берген. Ешқандай опертоп үйге келмеген.

"Қылмыс орнын тексермеді. Ол арада қап, скотч және басқа да дәлелді заттар сол күйі жатқан еді. Киімі де сараптамаға алынбаған. Оның сыбайластары Катя деген қыз бен досы Қайсарды ұстамады. Істі отбасылық жанжал деп тағы жылы жаба салды! Алмалы ауданының басшылығынан сұрағым келеді, Сіздер не келіншектің өлгенін күтіп отырсыздар ма?, - деп ашына жазды Дина Смаилова.