Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жетті

0
2 558

Дана төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Кореяға келген.


Қазақстандық ару Оңтүстік Кореядағы сән байқауында жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық модельдер байқауында отандасымыз жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазылар алқасы 30 жастағы Дана Қабылтаеваны сұлу әрі ақылды ару деп танып, 5 мың доллардан асатын сыйақы табыстады. Жерлесімізді Сеулдегі меншікті тілшіміз де құттықтап қайтты.

Дана осыдан 10 ай бұрын ол ауруханада жатып, тұңғыш баласын дүниеге әкелген еді. Төрт жыл бұрын алмасу бағдарламасы бойынша Кореяға келген. Осында болашақ жұбайымен танысты. Ағылшын тілінен сабақ берді. Модельдер байқауына қатысуға құрбылары көндірген.


- Ұлтыңыз кім деп сұрайды? «Қазақстан» деп жауап бергенде: «осындай бет келбеті бола ма? деп таң қалады. Яғни, бізде Еуропа мен Азияға тән нышандар араласып кеткен. Сондықтан оларға өте сұлу боп көрінетін шығармыз, - деді байқау жеңімпазы Дана Қабылтаева.


Биыл коронавирус пандемиясына байланысты байқауға өзге елдерден модельдер келе алған жоқ. Сондықтан подиумге Кореяда тұрып жатқан шетелдіктер шыққан. Қазылар алқасы аруымыздың сұлулығымен қатар ән шырқауы мен корей тілі білімін бағалады.


- Дана ханшайым сән көрсетілімдерінде ерекше жеңілдіктерге ие болады. Оны Кореядағы түрлі ток-шоу мен бағдарламаларға шақырады. Киноға түсіп, жарнама моделі болуына мүмкіндігі бар, - дейді модель байқауы ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ким Ин Бе.


Арулар елі. Оңтүстік Кореяда Қазақстанды осылай жиі атайды. Дана Қабылтаева бұл атақты тағы да айғақтады.