Қазақстандық әскерилер Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысады

0
787

Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына арналған шараға арнайы шақырылған.


Қазақстандық әскерилер Мәскеуде өтетін әскери шеруге қатысады

ERNUR.KZ. Қазақстандық әскери қызметшілер Мәскеуде өтетін әскери шеруге дайындықты бастап кетті. Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығына арналған шараға еліміздің әскерилері ресейлік тараптың шақыруымен қатысады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта үш жаяу шеру есебі құрылған. Атап айтқанда, олардың екеуі десанттық-шабуылдаушы әскерлер бөлімшелерінің құрамынан, біреуі Құрлық әскерлері Әскери институтының 3-курс курсанттары. Дайындық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып жасалып жатыр деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Шеруге қатысатын әскери қызметшілер жеке құрамнан оқшауланған, оларға бөгде адамдар мен туысқандарының баруы шектелген.


«Мен Ұлы Отан соғысының ардагері Балғымбаев Айдарбай Наурызбайұлының немересімін. Десанттық-шабуылдаушы әскерлері арасындағы салтанатқа қатысу үшін қатаң іріктеуден өтіп, Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған шеруге қатысатыныма қуаныштымын. Әскери қызметшілер үшін бұл жалпы жеңіс үшін қасық қаны қалғанша шайқасқан батырларға алғыс білдіру және құрмет көрсету мүмкіндігі деп білемін», – деді ҚР ҚМ 35-гвардиялық десанттық-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшісі Серікбек Балғымбаев.