Қазақстандық бес банктен 8,5 млн теңге кредит қалай алғанын түсінбей қалды

0
795

​Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары "банктен қоңырау шалу" - интернет алаяқтықтың ең кең тараған түрі екенін атап өтті.


Қазақстандық бес банктен 8,5 млн теңге кредит қалай алғанын түсінбей қалды

ERNUR.KZ. Петропавлда полицейлер интернет алаяқты іздестіріп жатыр. Ол қала тұрғыны атынан 8,5 миллион теңге кредит рәсімдеген, деп жазады sputnik.kz.

Алаяқ қала тұрғынына хабарласып, банктің қауіпсіздік қызметінен екенін айтқан.

"Әйелге біреу оның атынан кредит рәсімдеуге тырысып жатқанын жеткізген. Жәбірленуші қылмыскер банк терминдерін орынды қолданып, өзін алдап соққанын айтады. Оған 2 миллион теңгеге басқа кредит рәсімдеп, "резервтік есепшотқа" жіберу керек деген. Кейін қайта қоңырау шалып, біреулер әйелдің атынан басқа банктен кредит алып жатқанын алға тартыпты. Бұл схема бірнеше мәрте қайталанды", - деді полицияда.

Осылайша әйел бес банктен 8,5 миллион теңгеден астам сомаға кредит рәсімдеді. Кейін алданып қалғанын түсініп, полицияға барды.

Бұл факт қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енді. Жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр.

Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Руслан Назаров "банктен қоңырау шалу" - интернет алаяқтықтың ең кең тараған түрі екенін атап өтті.