Қазақстандық экс-депутат Instagram жұлдыздарын бұғаттауды ұсынды

0
940

Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек.


Қазақстандық экс-депутат Instagram жұлдыздарын бұғаттауды ұсынды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жосықсыз жарнама жасаған Instagram аккаунтарды бұғаттау ұсынылды. Бұл туралы экс-депутат Светлана Романовская айтты, деп жазады тengrinews.kz.

Романовскаяның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жұлдыздар жосықсыз жарнамалармен жиі айналысып кеткен. Экс-депутат миллионнан аса жазылушысы бар актерлердің, әншілердің, вайнерлердің не жарнамалап жатқаны тексерілмейтін болғанын айтады. Салдарынан көбіне синтетикалық есірткілер мен қаржы пирамидалары жарнамада жүреді дейді.

"Бұл өз абыройын төгу деген сөз. Не жариялайтынынды бастапқыда тексеру керек, адамдарды шатастырмау қажет. Олар өзіне керек ақшаны алды, ал жазылушыларына немқұрайлы қарады. Жұлдыздардың еш қатысы жоқ деуге болмайды Оларға ақша берді, олар да жарнамасы үшін ақша алды. Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек деп ойлаймын", - деді Светлана Романовская.

Экс-депутат Желіде жарнама орналастыру ережелерін қатаңдату керегін айтады.

Еске салайық, қазіргі уақытта елімізде "Гарант 24" және "Estate Ломбард" ломбардтарының қызметі тоқтатылып, оның басшыларына халықаралық іздеу жарияланды. Қазақстандықтар бұл компаниялардан өз ақшаcын қайтаруды талап етіп отыр. Ал полиция бұл іске қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Танымал қазақстандықтардың ломбардтарды жарнамалауы жағдайды ушықтырған еді.