Қазақстандық кинорежиссер Азия «Оскарын» жеңіп алды

0
1 049

Режиссер «Смотри, смотри, человек» атты туындысы үшін аталған марапатқа ұсынылды.


Қазақстандық кинорежиссер Азия «Оскарын» жеңіп алды

ERNUR.KZ. Қазақстан кинорежиссері Әділхан Ержанов XIII Азия-Тынық мұхиты киноконкурсының (Asia Pacific Screen Awards) жеңімпазы атанды, деп жазады Stan.kz.

Режиссер «Смотри, смотри, человек» атты туындысы үшін аталған марапатқа ұсынылды. Фильм ауылдағы кішкентай баланың денесін тауып алумен басталалды. Тергеуші істі тезірек жапқысы келгенімен, қаладан келген журналист бұл қылмысты соңына дейін қарастыруды қолға алады.

Марапаттау рәсімі қарашаның 21-і Австралияның Брисберн қаласында өтті. «Үздік режиссер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған Әділхан Ержановтың қарсыластары филиппиндік Лав Диас, қытайлық Ван Сяошуай, палестиналық Элиа Сулейман мен тайлық Аноч Сувичакорнпонг болды.

Сондай-ақ, Оңтүстік Корея режиссері Бонг Джун Худың «Паразит» «Үздік көркем фильм» номинациясы бойынша марапатталды.

Asia Pacific Screen Awards киноконкурсында Азия-Тынық мұхиты өңірі елдерінің атынан 289 фильм жіберілді. Солардың ішінен тек 22 елдің 37 фильмі қарастырылған.