Қазақстандық композитор Яков Хан дүниеден өтті

0
630

Музыканттың мезгілсіз қазасына коронавирус себеп болғаны айтылған. Композитор артында бай шығармашылық мұра қалдырды.


Қазақстандық композитор Яков Хан дүниеден өтті

ERNUR.KZ. Қазақстандық композитор, джазмен Яков Хан дүниеден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты, деп жазады sputnik.kz.

"COVID ең жақсы адамдарды әкетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет жаннан айырылдық. Яков Ханның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын", - деп жазды Аида Балаева.

"Танымал музыкант, композитор, джазменнің артында бай шығармашылық мұра қалды. Түрлі жанрдағы туындылары бар. Ол көптеген жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен әріптестік байланыста болды", - деп жазды министр.