Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды

0
364

Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді.


Қазақстандық құтқарушылар Түркиядан оралды

ERNUR.KZ. Бүгін сағат 12:00-де Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына қонды. Әуежайда құтқарушыларды төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, туыстары мен достары қарсы алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

ТЖМ жеке құрамы өз алдына қойылған міндеттерді толық орындай алды. Орман алқабында тараған өртпен күресу үшін құтқарушылар 8 тәулік бойы ауқымды жұмыс жүргізді. Жұмыс басталғаннан бері орман өрттерінің ошақтарына барлығы 300 тоннадан астам су 80 рет жіберілді. Тікұшақтар Даламан қаласының маңында жұмыс істеді.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға орман өрттерімен күресу үшін Қазақстан ТЖМ күштері үш мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, Каспий және Қара теңізі, Кавказ таулары арқылы 4500 шақырымды еңсерген.