​Қазақстандық қыздарды пайдаланған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

0
1 652

Осыған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды.


​Қазақстандық қыздарды пайдаланған күдікті Грузиядан экстрадицияланды

фото: ru.sputnik.az

ERNUR.KZ. Бүгін Бас прокуратураның және Қазақстанның ІІМ Интерпол қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін адам саудалаған күдікті Иордания азаматы Амер Саламехты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Қарағанды облысы ІІД іздестіруінде болды.

Істің материалдары бойынша Саламех 2016 жылы Қарағандыда бойжеткендерді Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған.

Қылмыстық әрекетінен кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздестіруге жарияланды.

Қазіргі уақытта Саламех Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.