Қазақстандық Мария Агапова UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен айырылды

0
825

Мария Агапова - Қазақстан тарихында аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанған спортшы.


Қазақстандық Мария Агапова UFC-мен келісімшарт жасау мүмкіндігінен айырылды

ERNUR.KZ. Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) аралас жекпе-жектен өткен Dana White’s Tuesday Night Contender Series турнирінде қазақстандық Мария Агапова мен америкалық Трэйси Кортес жекпе-жек өткізді, деп жазады ҚазАқпарат.

Спортшылар ММА-дегі ең беделді промоушен — Ultimate Fighting Championship-пен (UFC) келісімшарт жасау мүмкіндігі үшін айқасты. Кездесуде Кортес төрешілердің шешімімен үш раундта 30-26, 30-26, 29-27 есебімен жеңіске жетті. Кәсіби мансабында бұрын бес рет жеңіске жеткен Агапова алғаш рет жеңілді.

Еске сала кетейік, Мария Агапова - Қазақстан тарихында аралас жекпе-жектен әлем чемпионы атанған спортшы.