Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды

0
2 456

2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында дауыс беру өткізілген ғимараттарды дезинфекциялау жүргізіледі.


Қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанды әр уақытта бастайды

ERNUR.KZ. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті үшінші тоқсандағы оқу процесінің басталу уақытын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттары сайлауының өтуіне байланысты білім беру нысандары сайлау учаскелері ретінде тартылған.

Республикада сайлау учаскелері 7 090 мектептің 5 522-інде; 6 651 мектепке дейінгі балалар ұйымының 143-інде; 644 орта оқу орындарының 215-інде; 125 жоғары орта оқу орындарының 53-інде, 22 мектеп-интернатың, спорт мектебінің, 114 ЖОО жатақханасының базасында, сондай-ақ 12 сайлау учаскесі басқа білім беру объектілерінде (оқушылар сарайы, шығармашылық үйі, музыка мектептері) орналасты.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 және 11 қаңтарында дауыс беру өткізілген ғимараттарды дезинфекциялау жүргізіледі.

"Осыған байланысты, 10 қаңтарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізілгеннен кейін 2020-2021 оқу жылының 3 тоқсаны оффлайн режимде еліміздің алты өңірінде - Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Шымкентте 11 қаңтарда басталады", - деп хабарлады комитеттегілер.

Республиканың 11 өңірінде – Түркістан, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында оқу 12 қаңтарда басталады.