Қазақстандық сегіз жасар қыз жас модельдер байқауында бас жүлдеге ие болды

0
639

Конкурсқа әлемнің 25 елінен қыздар қатысты. Жас арулар байқауында визит картасы, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш тур болды.


Қазақстандық сегіз жасар қыз жас модельдер байқауында бас жүлдеге ие болды

ERNUR.KZ. Атырау облысының Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылының сегіз жасар тұрғыны Мариям Ишанғалиева Сочиде өткен «Супермодель-2021» дүниежүзілік жас модельдер байқауының бас жүлдесін жеңіп алды, деп жазады aikyn.kz.

Конкурсқа әлемнің 25 елінен қыздар қатысты. Жас арулар байқауында визит картасы, сән көрсетілімі және шығармашылық бойынша үш тур болды.

Кішкентай «мисстің» анасының айтуынша, сән байқауында Мәриям сахнаға ұлттық киіммен шыққанда, «Адай» күйі ойнап тұрған. Қазылар алқасының пікірінше, қазақстандық қыз жеңіске лайық болды. Мариям Ишанғалиева С.Мұқанов атындағы орта мектептің 3-сынып оқушысы. Сұлулық байқауларына бірінші рет қатысып отырған жоқ, оның басқа да титулдары бар.