Қазақстандық студент Италияда көлік астына түсіп мерт болды – БАҚ

0
282

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.


Қазақстандық студент Италияда көлік астына түсіп мерт болды – БАҚ

ERNUR.KZ. Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент көз жұмды, деп жазады stan.kz.

Оқиға 17 қаңтарда кешке орын алды. 20 жастағы Меркато Сан-Северино тұрғыны сұр Peugeot 308 көлігімен жаяу жүргіншілер өткелінде Салерно университетінің 27 жастағы докторантура студентін қағып кетті.

Жүргізуші дереу тоқтап, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Қызыл Крест фельдшерлері мен Humanitas дәрігерлері қыздың көз жұмғанын айтты. Кейінірек жігіт алкогольге тест тапсырды, ол теріс нәтиже көрсетті.

Қыздың аты Әсем Жарбосын екені белгілі болды.

Қайғылы ЖКО тергеумен полиция қызметкерлері айналысады. Станислао Листа көшесінде қозғалыс тоқтатылды.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға әлі түсініктеме берген жоқ.