Қазақстандық сұңқарлар Дубайға ұшып кете жаздады

0
2 100

«Астана» шекара бақылау қызметкерлері елордалық әуежайында контрабандалық жолмен БАӘ-не 23 сұңқарды жасырын өткізбек болған азаматты ұстады,- деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанадан Дубайға ұшпақ болған әуе кемесіне жүк тиеу барысында шекара қызметкерлері 3 үлкен күдікті сөмкені байқайды.

фото: shekaraknb.kz

Тексеріс нәтижесінде ішінде қызыл кітапқа енгізілген 23 сұңқар тәркіленді. Бұл оқиға жайлы құқық қорғау органдары және олармен байланыста жұмыс істейтін мекемелер хабардар етілді. Контрабандалық жүк Алматы қаласындағы жануарларды қорғау ұйымына жеткізілді.

Қызыл кітапқа енген құсты қай елдің азаматы заңсыз алып өтпек болғаны хабарламада айтылмаған.