Қазақстандық тарихи фильмдерді Түркия және Қытай көрермендері тамашалайды

0
2 343

Бұдан бұрын 2017 жылы «Алмаз қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.


Қазақстандық тарихи фильмдерді Түркия және Қытай көрермендері тамашалайды

фото интернеттен

Қазақстандық тарихи фильмдерді Түркия мен Қытайдың көрермендері тамашалай алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының Instagram парақшасында жазылды.

«Режиссер Рүстем Әбдіраштің «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) тарихи фильмдерінің және де «Қазақ хандығы» тарихи сериалының екі маусымының дистрибуция құқығын Түркияның («Duru Filmcilik») және Қытайдың («Magic Fair») компаниялары сатып алды», делінген хабарламада.

Бұдан бұрын 2017 жылы «Алмаз қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Еске салсақ, бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.