Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

0
418

АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.


Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады

ERNUR.KZ. Алматының жанармай құю бекеттерінде бензин мен дизель қымбаттады, деп жазады tengrinews.kz.

17 сәуір таңертең Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 205 теңге болды.

Алматыдағы жанармай құю бекеттеріндегі АИ-95/96 бағасы әртүрлі. 17 сәуір таңертең Sinooil-да АИ-96-ның бір литрі 222 теңге тұрса, Royal Petrol мен "Газпромнефтте" АИ-95-ті 230 теңгеден құюға болады.

Sinooil жанармай құю бекеттерінде дизель бағасы 295 теңге. "Газпромнефть" жанармай құю бекетінде - 450 теңге.

Ал, Астанадағы Nomad жанар-жағармай құю бекеттері желісіндегі жанармай бағасының алматылық бағадан айырмашылығы жоқ. Мұнда да АИ-92-тің литрі 205 теңгеден, АИ-95 224 теңгеден, АИ-98 де 245 теңгеден сатылып жатыр. Ал, дизельдің литрі 295 теңге.

Сондай-ақ Қызылордадағы жанар-жағармай құю бекеттерінде де жанармай бағасы көтерілді.