Қазақстандық жастар Африкадағы 250 адамға ауызашар асын берді

0
1 389

Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған


Қазақстандық жастар Африкадағы 250 адамға ауызашар асын берді

ERNUR.KZ. Қазақстандық бір топ жас Африка елінде тұратын мұсылман жұртшылығына ауызашар асын берді, деп жазады inform.kz.

Дастархан 250 адамға жайылған. Ұйымдастыру жұмыстарын Африкадағы мұсылман халқына ауызашар беретін қор қолға алған. Алматы қаласы мен Ақтөбе облысындағы 50-ге жуық белсенді жас сол қорға ақша аударған.

«Қасиетті Рамазан айындағы игі істердің төресі - ауыз аштыру. Африка мұсылмандары ауыздарын қара сумен ашатынын естігенде ас беру ойы туындады. Олардың күнкөріс деңгейлері өте төмен. Ауызашар бағдарламасы бойынша бір адамды тамақтандыруға 1 доллар, яғни 380 теңге шамасында жұмсалады екен. Қазақстанда бұл баға бір адамға - 600-1500 теңге. Оның үстіне, елімізде ауызашар беріп жатқандар өте көп. Өңірлердегі әрбір мешітте де олар күнделікті тегін ұйымдастырылады. Аталмыш елдегі халықтың жағдайына қарап шүкіршілік етсек деген ой», - дейді ұйымдастырушылардың бірі Ержан Мизамов.