Қазақстандық журналист баланы жыныстық сауаттылыққа 4-5 жастан бастап үйретуге шақырды

0
477

Журналист Салтанат Әскербекқызы ата-аналарға баланы ерте бастан жыныстық сауаттылыққа үйретуге шақырып отыр.


Қазақстандық журналист баланы жыныстық сауаттылыққа 4-5 жастан бастап үйретуге шақырды

ERNUR.KZ. Ол балаларға тыйым салып, «мастурбация жасадың» деп ұрысуға болмайтынын айтқан, деп жазады exk.kz.

"Жыныстық сауат жасөспірімге өте қажет! Тыйым салсаң — қателескенің. Неге десең, қорқады, жасырады, керегін ғаламтордан іздейді. Ал онда кілең порнография", - дейді Салтанат Әскербекқызы.

Оның пікірінше, ақпаратты қызға анасы, ұлға әкесі жеткізуі тиіс. Керек болса, жыныстық сауат тақырыбына сөйлесуге ата-ананы дайындайтын арнайы курстарға да бару қажет. Ұл баланы урологқа да апарған абзал. Жыныс мүшесінің дұрыс дамып жатқанын 7, 10, 11 жастан қадағалаған жөн. Себебі, сүндеттеу салдарынан мүшенің өсу қарқынына кедергі пайда болуы мүмкін.

"Сауат ашу 4-5 жаста басталады. Жасына сай ақпаратты жеткізу жолы жеңіл. Өскен сайын салмақтай түседі. Бала туғаннан ақпарат алуға, білуге құқығы бар. Ересек өмірдің табиғаты мен алдын-алуға болатын зиянын үйрет", - дейді журналист.

Салтанат Әскербекқызы балаға ешқашан өтірік айтуға болмайды деп есептейді. Махаббаттың нәтижесінде (4-5 жасқа), еркек пен әйелдің жақындасуынан (шамамен 9-10 жаста) сәби іште өседі деп түсіндіру ләзім.

"Баланың сұрағына, жалпы сөйлескенде ешқашан күлме. Өзіңе де ыңғайсыз екенін, қобалжығаныңды ашық айт", - дейді Салтанат Әскербекқызы.