Қазақстандықтар Антальядан үй сатып алу бойынша алғашқы ондыққа енді

0
380

​Түркиядан баспана сатып алу бойынша қазақстандықтардың үлесі жыл сайын артып барады. Анадолы елінен соңғы бес жылда еліміздің азаматтары пәтерді көптеп сатып алыпты.


Қазақстандықтар Антальядан үй сатып алу бойынша алғашқы ондыққа енді

ERNUR.KZ. Антальядан үй сатып алу бойынша Қазақстан азаматтары алғашқы ондыққа енді, деп жазады exk.kz.

Соңғы бес жыл ішінде Қазақстан азаматтарының Анталья қаласынан пәтер сатып алу бойынша үлесі артқан. Осы арқылы қазақстандықтар Түркиядан баспана сатып алу бойынша алғашқы ондыққа еніп отыр.

Ресей азаматтары да аса белсенділік танытыпты. Алғашқы үштікке Ресей, Иран және Германия азаматтары енген.

"2017-2021 жылдары аралығында шетелдіктер Түркиядан 206 768 үй сатып алған. Оның 20 пайызы Антальяға тиесілі. Туристік орталыққа айналған шаһардан 41 715 пәтер сатылды. Оның 7 978 ресейліктен алған. Иран азаматары 4 396, Германия 3 848 пәтерге иелік етіпті. Алғашқы ондыққа енген елдер ішінде Қазақстан, Ирак, Украина, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания, Дания секілді мемлекеттердің азаматтары бар",- дейді түркиялық жылжымайтын мүлік сату компаниясының өкілі Селман Озгюн.

Бұған дейін Қазақстан әншілерінің біразы Түркиядан үй алғаны туралы айтылды. Олардың арасында Қыдырәлі мен Қарақат, айтыс ақыны Айнұр Тұрсынбаева бар. Сондай-ақ, Мәдина Сәдуақасова, Алтынай Жорабаева да бұл тізімді толықтырған.