Қазақстандықтар Астана күнінде қатарынан төрт күн демалады - Үкімет қаулы қабылады

0
474

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.


Қазақстандықтар Астана күнінде қатарынан төрт күн демалады - Үкімет қаулы қабылады

ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі елорда күні мерекесіне орай төрт күндік демалысты бекітті, деп жазады stan.kz.

“Жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2023 жылғы 1 шілде, сенбідегі демалыс күні 7 шілдеге, жұма күніне ауыстырылды. ҚР Үкіметі тиісті Қаулы қабылдады. Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 2023 жылы Астана күніне орай 6, 7, 8 және 9 шілдеде, яғни төрт күн қатарынан демалады”, – деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Сенбі, 1 шілде жұмыс күні болады.

“Демалыс күнін ауыстыру жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін мереке күндері уақытын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді”, – деп қосты дереккөз.