Қазақстандықтар Грузияға жиі баратын болып шықты

0
826

2018 жылы Қара теңіз жағалауында орналасқан елге 58,9 мың қазақстандық саяхаттап барған.


Қазақстандықтар Грузияға жиі баратын болып шықты

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Грузияға жиі баратын болып шықты. Бұл туралы Грузияның Ұлттық әкімшілігі мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Грузияның Ұлттық әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы Қара теңіз жағалауында орналасқан бұл елге 58,9 мың қазақстандық болған. Ал ағымдағы жылдың 5 айында 23,7 мың отандасымыз Грузияға барған, бұл өз кезегінде 63% құрайды. Қазақстан Грузияға сапар шегуші елдердің ішінде 9 орында тұр.

«Бұндай көрсеткіштің болуы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың дұрыс жолға қойылуымен байланыстын. Сол сияқты туризм саласындағы әлеуеттің ілгерілеуімен тікелей әуе рейстерінің ашылуы өз әсерін тигізуде», - деп хабарлайды Ұлттық әкімшілік.

2018 жылы Грузияда жалпы саны 8 млн турист болып, туризмнен 3,2 млрд доллар көлемінде табыс тапқан. Және «Грузияның туризм стратегиясына» сәйкес бұл көрсеткіш 2025 жылы артып, яғни бұл елге саяхаттап келушілердің саны 11 млн-ға артып, тиісінше туризмнен түсетін пайда көлемі 6 млрд-қа артады деп болжап отыр.

Қазақстандық «Kompas» туроператының дерегінше, қазақстандықтардың Грузияға сапарлатуы расымен жыл санап артып келеді. Оған дәлел 2016 жылы атақты Шота Руставелли елін көруге 1,4 мың адам аттанса, 2017 жылы 1,9 мың отандасымыз Грузияға сапар шекті. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 2,5 мың адамға жетсе, биылғы жылдың өзінде 3 мыңға жуық қазақстандық Грузияға сапарлатқан.

Еске сала кетсек, «Kompas» туроператоры ағымдағы жылдың 2-5 шілде күндері қазақстандық БАҚ өкілдеріне Грузияның Тбилиси және Батуми қалаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Ондағы мақсат – аталған елдің туристік әлеуеті мен туристік нысандарын жақынарақ таныстыру.