Қазақстандықтар Интернет нашарлай бастағанына шағымданды

0
2 096

Кейбір шетелдік сайттарға кіру мүмкін болмай отыр.


Қазақстандықтар Интернет нашарлай бастағанына шағымданды

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Интернет жұмысы нашарлай бастағанын айтты. Кейбір сайттарға кіру мүмкін болмай, байланыс жылдамдығы азайып кеткен, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстанда Интернет жұмысы таңертеңнен бері бәсеңдеп кеткен, "Қазақтелеком", Altel, "Алма ТВ" қолданушылары шағымдана бастады.

Сонымен қатар, кейбір шетелдік сайттарға кіру мүмкін болмай отыр.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, олардың тарапынан ешқандай шектеу болмаған. Бірақ министрлік жағдайды реттейтіндерін хабарлады.

"Ауа райына байланысты кей жерлерде байланыс нашарлауы мүмкін. Бірақ Қазақстан бойынша немесе қалалар бойынша ондай ақау тіркелмеді. Әдетте үлкен ақау болғанда бізде бірден проблемалық билет ашылады. Ал егер кей жерлерде ғана болса, абоненттер 165 номеры бойынша хабарласа алады", - деді "Қазақтелеком" компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері.

Сонымен қатар, компания өкілдері желіде ешқандай ақау тіркелмегенін айтты.

"Абоненттерге қызмет штаттық режим бойынша көрсетіліп жатыр. Қолданушылар тарапынан жаппай өтініш түскен жоқ", - деді компания өкілдері.